locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Гуаль ма? «Аталантаға» қарсы матчта «Қайраттың» үздік ойыншысы анықталды

«Аталантаға» қарсы матчта «Қайраттың» үздік және ең төмен баға алған ойыншылары анықталды
Футбол
Гуаль ма? «Аталантаға» қарсы матчта «Қайраттың» үздік ойыншысы анықталды
ФОТО: Getty images
Конференция лигасы
05.11.2026, Аяқт.
Аталанта
1
Кайрат
1

Алматылық «Қайраттың» Италияның «Аталанта» клубына қарсы сырт алаңдағы кездесуінен кейін футболшылардың ойынына берілген бағалар жарияланды. Команда сапындағы ең жоғары көрсеткіш жалғыз голдың авторы Марк Гуальға тиесілі, деп хабарлайды Sports24.kz.

УЕФА Конференция лигасының жалпы кезеңіндегі үшінші тур матчы 1:1 есебімен аяқталды. Алматылықтар 52-минутта испаниялық шабуылшы Марк Гуальдың голынан кейін алға шыққанымен, 82-минутта Никола Крстович таразы басын теңестірді.

Кездесу қорытындысы бойынша Flashscore сараптамалық платформасы Гуальдың ойынын 7,9 ұпаймен бағалады. Бұл - «Қайрат» футболшылары арасындағы ең жоғары көрсеткіш. Испаниялық шабуылшы гол соғып қана қоймай, командасының үздік ойыншысы атанды.

Ал ең төмен баға жартылай қорғаушы Азамат Тұяқбаевқа берілді. Оның алаңдағы өнері 5,5 ұпайға бағаланды. Бұл алматылық клуб ойыншылары арасындағы ең төмен көрсеткіш болып тіркелді.

Үш турдан кейін «Қайраттың» еншісінде екі ұпай бар. Қазақстандық клуб Конференция лигасындағы келесі кездесуін 26 қарашада өз алаңында Швецияның «Мьельбю» командасына қарсы өткізеді.

ФОТО: Flashscore
Аружан Темірбек
Редактор ru, kk
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie