locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Қайрат» Италияда жеңісті уыстан шығарып алды: «Аталантаға» қарсы матчқа шолу

«Қайрат» Конференция лигасының үшінші турында «Аталантамен» 1:1 есебімен тең түсті
Футбол
«Қайрат» Италияда жеңісті уыстан шығарып алды: «Аталантаға» қарсы матчқа шолу
ФОТО: Қайрат ФК
Конференция лигасы
05.11.2026, Аяқт.
Аталанта
1
Кайрат
1

Алматылық «Қайрат» УЕФА Конференция лигасының жалпы кезеңіндегі үшінші турда Италияның «Аталанта» клубымен тең ойнады. Қазақстандық команда есепті бірінші болып ашып, сырт алаңдағы жеңіске жақын болғанымен, кездесудің соңына қарай гол жіберіп алды. Матч 1:1 есебімен аяқталды, деп хабарлайды Sports24.kz.

5 қарашада Бергамо қаласындағы «Аталанта Стэдиум» стадионында өткен кездесудің алғашқы минуттарынан-ақ екі команда да шабуылға ден қойды. Қарсыластар бір-бірінің қақпасына бірнеше рет қауіп төндірді. Әсіресе, «Қайрат» қақпашысы Темірлан Анарбеков бірнеше қауіпті соққыны қайтарып, командасын голдан аман алып қалды. Алматылықтар да тек қорғаныспен шектелмей, мүмкіндік туған сайын қарымта шабуыл ұйымдастыруға тырысты.

Бірінші таймда есеп ашылған жоқ. Алайда үзілістен кейін көп ұзамай «Қайрат» өз мүмкіндігін сәтті пайдаланды. Кездесудің 53-минутында Марк Гуаль қарсылас қақпашысы Марко Карнесеккимен жеке-дара шығып, дәл соққымен допты торға тоғытты - 0:1.

Жіберіп алған голдан кейін алаң иелері шабуылын күшейтті. «Аталанта» алматылықтардың қорғанысына қысымды арттырғанымен, «Қайрат» екінші таймның басым бөлігінде есептегі артықшылығын сақтап тұрды.

Дегенмен қазақстандық клуб жеңісті уысында ұстап қала алмады. 82-минутта Никола Крстович Темірлан Анарбековтің қателігін пайдаланып, таразы басын теңестірді - 1:1. Қалған уақытта екі команда да нәтижені өзгерте алмады.

Матч қорытындысы бойынша Flashscore порталы «Қайраттың» жалғыз голын соққан Марк Гуальға 7,9 ұпай берді. Бұл алматылық команда ойыншылары арасындағы ең жоғары көрсеткіш болды. Ал ең төмен бағаны жартылай қорғаушы Азамат Тұяқбаев алды. Оның ойыны 5,5 ұпайға бағаланды.

Үш турдан кейін «Қайраттың» еншісінде екі ұпай бар. Бұған дейін алматылықтар Латвияның «Рига» клубымен 1:1 есебімен тең ойнап, Грекияның «Панатинаикос» командасынан 1:5 есебімен жеңілген еді.

Қазақстандық клуб Конференция лигасындағы келесі кездесуін 26 қарашада өз алаңында өткізеді. Бұл жолы «Қайрат» Швецияның «Мьельбю» командасын қабылдайды.

Аружан Темірбек
Редактор ru, kk
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie