locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Андреева – Свитолина: WTA қорытынды турнирінің финалын қайдан тікелей көруге болады

Мирра Андреева мен Элина Свитолина әйелдер теннисіндегі маусымның соңғы әрі ең маңызды додасының бас жүлдесін сарапқа салады
Теннис
Андреева – Свитолина: WTA қорытынды турнирінің финалын қайдан тікелей көруге болады
ФОТО: Getty images

15 қарашадан 16 қарашаға қараған түні АҚШ-тың Индиан-Уэллс қаласында WTA-ның 2026 жылғы қорытынды турнирінің жеңімпазы анықталады. Шешуші кездесуде әлемнің үшінші ракеткасы Мирра Андреева мен рейтингте алтыншы орында тұрған Элина Свитолина өзара мықтыны анықтайды, деп хабарлайды Sports24.kz.

Финал Indian Wells Tennis Garden теннис кешеніндегі Stadium 2 кортында өтеді. Бәсеке Қазақстан уақытымен 16 қараша күні сағат 01:00-де басталады.

19 жастағы Андреева қорытынды турнирге алғаш рет қатысып отырса да, чемпиондыққа басты үміткерлердің біріне айналды. Ресейлік теннисші финалға дейінгі төрт кездесудің барлығында жеңіске жетіп, қарсыластарына бірде-бір сет берген жоқ.

Топтық кезеңде Мирра алдымен Элина Свитолинаны (6:4, 6:0), кейін Арина Соболенконы (6:4, 6:0) және Диана Шнайдерді (6:2, 6:1) тізе бүктірді. Ал жартылай финалда америкалық Джессика Пегуланы 6:3, 6:4 есебімен жеңіп, шешуші сынға жолдама алды.

Свитолинаның финалға дейінгі жолы әлдеқайда күрделі болды. Алғашқы матчында болашақ қарсыласы Андреевадан жеңілген украиналық спортшы кейін ойын өрнегін өзгертіп, Каролина Мухова мен Арина Соболенконы ұтты.

Жартылай финалда 32 жастағы теннисші Чехия өкілі Линда Носковадан 6:2, 6:1 есебімен басым түсті. Енді Свитолинаның WTA қорытынды турнирінде екінші мәрте топ жаруға мүмкіндігі бар. Ол бұған дейін 2018 жылы аталған жарыстың жеңімпазы атанған.

Алдағы матч қос теннисшінің өзара төртінші кездесуі болмақ. Әзірге басымдық Андреева жағында. Ол үш ойынның екеуінде жеңіске жеткен. Дегенмен Свитолина да қарсыласын ұтып көрген. Украиналық спортшы биылғы Australian Open турнирінде ресейліктен басым түскен еді.

Осылайша, Индиан-Уэллстегі финалда тек чемпиондық атақ қана емес, топтық кезеңдегі жеңілістің есесін қайтару мүмкіндігі де сарапқа салынады.

WTA қорытынды турнирінің финалы 16 қараша күні Қазақстан уақытымен сағат 01:00-де басталады. Андреева мен Свитолина арасындағы кездесудің тікелей трансляциясын осы сілтеме арқылы⁠ көруге болады.

Аружан Темірбек
Редактор ru, kk
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie