locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Арина Соболенко Элина Свитолинадан жеңіліп, WTA қорытынды турнирінен шығып қалды

Элина Свитолина Арина Соболенконы 3:6, 6:3, 6:1 есебімен жеңді
Теннис
ФОТО: Getty images

Беларусь теннисшісі Арина Соболенко Индиан-Уэллстегі WTA қорытынды турнирінің үздік төрттігіне өте алмады. Топтық кезеңнің соңғы матчында ол әлемдік рейтингте алтыншы орында тұрған Элина Свитолинадан жеңілді, деп хабарлайды Sports24.kz.

Қарсыластар арасындағы кездесу 1 сағат 53 минутқа созылып, украиналық теннисшінің үш сетте жеңіске жетуімен аяқталды — 3:6, 6:3, 6:1.

Кездесудің басында Соболенко басым болды. Беларусь теннисшісі доп алмасуларда сенімді ойнап, бірінші партияны 6:3 есебімен ұтты. Алайда Свитолина қарсыласының қуатты ойынына қарсы амал тауып, екінші сетте есепті теңестірді.

Шешуші партияда басымдық толығымен украиналық теннисшіге өтті. Свитолина қарсыласына бір ғана гейм ұтып алуға мүмкіндік беріп, тартысты жеңіске жетті және жартылай финалға жолдама алды.

Бір-бірімен кездесер алдында екі спортшының да жағдайы бірдей еді. Турнирді чехиялық Каролина Мухованы жеңіп бастаған олар кейін ресейлік Мирра Андрееваға бірдей есеппен - 4:6, 0:6 ұтылды.

Осылайша, B тобынан жартылай финалға берілетін екінші жолдаманың иесін өзара кездесу анықтады. Топтық кезеңді жеңіліссіз аяқтаған Андреева бірінші орынды мерзімінен бұрын иеленді.

WTA қорытынды турнирі. Топтық кезең
Арина Соболенко — Элина Свитолина
- 6:3, 3:6, 1:6.

Свитолинаның келесі қарсыласы — басқа топта жеңіске жеткен чехиялық Линда Носкова.

Аружан Темірбек
Редактор ru, kk
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie