locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Барыс» – «Металлург» матчының бейнешолуы: Бэйлидің хет-тригі және Астанадағы тоғыз шайба

«Барыс» ҚХЛ Шығыс конференциясының көшбасшысын өз алаңында жеңіп, жанкүйерлеріне тартысты кездесу сыйлады
Хоккей
«Барыс» – «Металлург» матчының бейнешолуы: Бэйлидің хет-тригі және Астанадағы тоғыз шайба
ФОТО: Барыс ХК

Астаналық «Барыс» Құрлықтық хоккей лигасының (ҚХЛ) кезекті турында күтпеген нәтижеге қол жеткізіп, Магнитогорскінің «Металлург» командасын 5:4 есебімен жеңді. Тартысты кездесудің басты қаһарманы үш шайба соққан америкалық шабуылшы Джастин Бэйли болды, деп хабарлайды Sports24.kz.

15 қарашада «Барыс Аренада» өткен матчта қонақтар алғаш болып есеп ашты. Алтыншы минутта Антон Рубин мергендігімен көзге түсті. Алайда алаң иелері қарсыластың басымдығын ұзаққа создырмады. Алдымен Джастин Бэйли таразы басын теңестірсе, артынша Чейз Приски сан басымдығын пайдаланып, қазақстандық клубты алға шығарды.

Екінші кезеңде америкалық форвард тағы да жанкүйерлер назарын өзіне аударды. 22-минутта Бэйли есеп айырмасын ұлғайтып, үзіліске жақын тағы бір мәрте қақпаны дәл көздеді. Осылайша шабуылшы хет-трик авторы атанды. Ал магнитогорскілік ұжым сапынан бұл кезеңде Игорь Нечаев көзге түсті.

Шешуші жиырма минуттықта тартыс тіпті күшейді. Нэйтан Тодд есеп айырмасын қысқартқанымен, Кирилл Савицкий шайбаны бос қақпаға бағыттап, астаналықтардың басымдығын арттырды. Көп ұзамай Даниил Вовченко қонақтардың төртінші шайбасын соқты. Дегенмен қалған уақытта «Барыс» жеңісті уысынан шығармады.

Осылайша Михаил Кравец шәкірттері өз алаңында қатарынан екінші рет жеңіске жетті. Қазақстандық клуб 26 кездесуден кейін 29 ұпай жинап, ҚХЛ Шығыс конференциясындағы бесінші орнын сақтап қалды.

Назарларыңызға «Барыс» пен «Металлург» арасындағы кездесудің барлық тоғыз шайбасы мен ең әсерлі сәттері қамтылған бейнешолуын ұсынамыз.

Аружан Темірбек
Редактор ru, kk
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie