locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Тоқаев 25 қыркүйекті Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады

Президент әскери қызметшілердің қаза болуына байланысты өкімге қол қойды
Басқа спорт түрлері
Sports24.kz сайтын Google-ға қосу
Тоқаев 25 қыркүйекті Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады
ФОТО: Акимат района Нура Астаны

Мемлекет басшысының өкімімен Маңғыстау облысында қызметтік міндеттерін атқару кезінде әскери қызметшілердің қаза болуына байланысты 2026 жылғы 25 қыркүйек Қазақстан Республикасында жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияланды, деп хабарлайды Sports24.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаев қаза тапқан әскери қызметшілердің туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтып, оқиғаның барлық мән-жайын анықтау және қаза болғандардың отбасыларына көмек көрсету үшін қажетті шараларды қабылдауды тапсырды.

24 қыркүйекте Маңғыстау облысында Қазақстан Қарулы күштерінің Әскери-теңіз күштері оқу-жаттығулары барысында қайғылы жағдай болды. Каспий теңізінің жағалауында оқу-жауынгерлік тапсырманы орындау кезінде ауа райының күрт нашарлап, желдің күшеюіне байланысты әскери қызметшілерді теңіз ағызып әкетті.

Қазақстан Қорғаныс министрлігінің алдын ала мәліметінше, теңізге 19 әскери қызметші кеткен. Қазіргі уақытта олардың тоғызының қаза болғаны расталды.

Бас прокуратура Ақтау гарнизонында оқу-жаттығу кезінде әскери қызметшілердің қаза болуына байланысты қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Тергеу жалғасып жатыр.

Премьер-министр Олжас Бектеновтің тапсырмасы бойынша оқиғаның себептерін анықтау үшін Үкіметтік комиссия құрылды. Комиссияны Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев басқарады. Оған оқиға орнына шұғыл барып, жағдайды бақылауға алу тапсырылды.

Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie