Америкалық журналист: «Әлімханұлы Канелоны тоқтата алатын үміткерлердің қатарында»
Bad Left Hook журналисті Патрик Стумберг орта және екінші орта салмақта мексикалық Сауль «Канело» Альвареске бәсекелестік көрсете алатын боксшылар туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Sports24.kz.
«Қазіргі таңда Канелоны тоқтата алатын кім бар деген сұраққа келсек, бұл тұрғыда назар аударуға лайық жалғыз боксшылар — Жәнібек Әлімханұлы мен Ослейс Иглесиас сияқты. 160 фунтқа дейінгі салмақта Карлос Адамес пен «Қарт» Лара көш бастап тұр, алайда ақыл-есі дұрыс ешкім оларды Канелоны жеңе алатын қарсылас ретінде таңдамас еді. Ал 168 фунтқа дейінгі салмақта тағы кім бар? Әлде әлдеқайда әлсіз қарсыластарға қарсы жекпе-жекте орташа деңгейде көрінген әрі айқас өткізгісі келмейтіні анық Диего Пачеко мен Хамза Шираз ба? Лестер Мартинес қызықты қарсылас болуы мүмкін және егер Маурисио Сулейман сөзінде тұрса, Канелоның келесі қарсыласына айналады (күледі — ред.), бірақ оның Кристиан М'Биллиге қарсы жекпе-жегінен кейін бұған сенімді емеспін.
Әлімханұлының техникалық шеберлігі оған Канелоның аса жетілдірілген мәнеріндегі осал тұстарды табуға мүмкіндік беруі ықтимал. Сонымен қатар оның сол мүмкіндікті пайдалануға жететін физикалық дайындығы бар. Иглесиастың беделі онша жоғары емес, бірақ оның жылдамдығы мен соққы қуаты осы салмақта ең жоғары деңгейде немесе соған жақын. Ал оның қуатты джебі — Канелоға айтарлықтай қиындық туғызуы мүмкін жойқын қарудың дәл өзі. Соған қарамастан, мен олардың кез келгеніне қарсы жекпе-жекте Канелоға басымдық берер едім», — деп жазды Стумберг Around the Table айдарында.