locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Тоқаев халықаралық аренада Қазақстан спортшыларының жетістіктерін атады

Мемлекет басшысы паралимпиадашы Давид Дегтяревтің жетістіктерін ерекше атап өтті
Басқа спорт түрлері
ФОТО: Акорда

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халықаралық жарыстарда айтарлықтай жетістіктерге жетіп, ел намысын абыроймен қорғаған спортшыларды атады, деп хабарлайды Sports24.kz.

Ақорданың хабарлауынша, Мемлекет басшысы таэквондошы Тамирлан Тлеулестің жетістігін ерекше атап өтті. Ол осы спорт түрінен Қазақстан тарихындағы алғашқы Азия ойындарының алтын медалін жеңіп алды. Сондай-ақ чемпион атанған боксшылар Төрехан Сабырхан мен Айбек Оралбайды да атап өтті.

Софья Берульцева да назардан тыс қалған жоқ. Тоқаев каратистің Токиода өткен Олимпиада ойындарында қола медаль жеңіп алғанын, ал бұған дейінгі Азия ойындарында чемпион атанғанын еске салды. Жапониядағы жарыста ол тағы да тұғырдың ең биік сатысына көтерілді.

фото:Ақорда

Сонымен қатар Президент велошабандоз Алексей Луценконың тарихи жетістігін атап өтті. Ол Қазақстан тарихындағы Азия ойындарының алты дүркін чемпионы атанған алғашқы спортшы болды. Жапонияда өткен жарыста спортшы екі алтын медаль — жекелей және топтық жарыста жеңіп алды.

Тоқаев паралимпиадашы Давид Дегтяревтің жетістіктеріне де ерекше тоқталды. Паралимпиада ойындарының екі дүркін чемпионы әрі әлем чемпионаттарының үш дүркін жеңімпазы атанған қазақстандық пауэрлифтер өткен жарыста Азияның жаңа рекордын орнатып, алтын медаль жеңіп алды.

«Спортшыларымыздың жетістіктері халықаралық аренада Қазақстан туын биікте желбіретіп жүр», - деді Президент.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Азия ойындары мен Азия пара ойындарының жеңімпаздары және жүлдегерлерін марапаттау рәсіміне қатысты.

Арсен Алиев
Редактор ru, kk
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie