Қазақстан әйелдер су добынан құрамасы Азия чемпионатының ширек финалына шықты
Қазақстандықтар жарыста күресті жалғастыруда
Басқа спорт түрлері
Sports24.kz сайтын Google-ға қосу
ФОТО: olympic.kz
Қазақстан әйелдер су добынан құрамасы Ахмедабадта (Үндістан) өтіп жатқан Азияның су спорт түрлері чемпионатының топтық кезеңіндегі соңғы ойынын өткізді, деп хабарлайды Olympic.kz.
Қазақстандық команда Қытай құрамасына қарсы алаңға шықты. Қарсыластары 23:6 есебімен жеңіске жетті.
Осылайша, Қазақстан құрамасының еншісінде үш ұпай бар.
B тобында қазақстандық ватерполистер Таиландқа (12:14) есе жіберіп, кейін Гонконгтан (21:10) басым түсті.
Құрама үшінші орынмен 1/4 финалға жолдама алды.