locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Рыбакина мен Чжэн US Open ширек финалында екінші сетте ойнады

Жартылай финалға шығу жолындағы тартыс үшінші партияға ұласты
ФОТО: Getty Images

Қазақстанның бірінші ракеткасы, WTA рейтингінде екінші орында тұрған Елена Рыбакина US Open-2026 турнирінің ширек финалында Қытай өкілі Чжэн Циньвэньмен (121-орын) кездесіп жатыр, деп хабарлайды Sports24.kz.

Алғашқы сет Рыбакинаның ойлаған сценарийі бойынша өрбімей, табанды қытайлық теннисшінің пайдасына аяқталды — 6:3. Екінші сетте Рыбакина қарқынды бастап, партияны өз пайдасына алды — 6:1.

Осылайша, жартылай финалға шығу жолындағы тартыс үшінші партияға ұласты.

Айта кетейік, Чжэн Циньвэньді жеңіп, жартылай финалға шығу Еленаны әлемдік рейтингтің бірінші орнына шығаруға кепілдік береді.

Еске салайық, биылғы US Open турнирінде Рыбакина кезек-кезегімен Тея Фродинді (585-орын), Джессика Бусас Манейроны (105-орын), Юлия Стародубцеваны (58-орын) және Наоми Осаканы (13-орын) жеңді.

Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie