Рыбакина US Open ширек финалында Чжэнге қарсы алғашқы сетте жеңіліп қалды
Жеңіс Еленаны әлемдік рейтингтің бірінші орнына шығарады
ФОТО: Getty Images
WTA рейтингінде екінші орында тұрған қазақстандық теннисші Елена Рыбакина дәл қазір US Open-2026 турнирінің ширек финалында Қытай өкілі Чжэн Циньвэньмен (121-орын) кездесіп жатыр, деп хабарлайды Sports24.kz.
Жеңіске жетіп, жартылай финалға шығу Еленаны әлемдік рейтингтің бірінші орнына шығаруға кепілдік береді. Алайда табанды қытайлық теннисші алғашқы сетте 6:3 есебімен басым түсті. Қазақстандық-қытайлық қарсыластықтың екінші сеті басталды.
Айта кетейік, биылғы US Open турнирінде Рыбакина кезек-кезегімен Тея Фродинді (585-орын), Джессика Бусас Манейроны (105-орын), Юлия Стародубцеваны (58-орын) және Наоми Осаканы (13-орын) жеңді.