Месси — қожайын! «Интер Майами» жұлдызы испаниялық клубты сатып алуға келісті
Лионель Месси ойыншылық мансабын аяқтамай жатып-ақ футбол империясын құруды жалғастыруда: аргентиналықтың Испанияның «Эльденсе» клубын сатып алуға келіскені хабарланды, деп хабарлайды Sports24.kz.
Marca басылымының мәліметінше, Месси Испанияның екінші деңгейлі дивизионында өнер көрсететін Эльда қаласының «Эльденсе» клубын сатып алу туралы мәмілені келісіп қойған. Бұл оның 2026 жылы Испания клубына жасаған екінші инвестициясы болмақ. Бұған дейін сәуір айында ол бесінші дивизионда ойнайтын «УЕ Корнелья» командасының 100% акциясын сатып алған еді.
Бұл қадам Мессидің Испаниядағы футбол клубтарына иелік ету бағытындағы белсенділігін күшейте түседі. Оның ойыншылық мансабының аяқталуына да көп уақыт қалған жоқ. «Интер Майамимен» келісімшарты 2028 жылға дейін жарамды 39 жастағы футболшы активтер портфелін біртіндеп қалыптастырып келеді. Оның қатарында уругвайлық «Депортиво ЛСМ» клубындағы үлесі де бар. Үшінші дивизионда өнер көрсететін бұл командадағы үлесіне ол досы Луис Суареспен бірге иелік етеді.
Айта кетейік, Мессидің сатып алған алғашқы клубы — «УЕ Корнелья» өз академиясымен танымал. Бұл академиядан «Арсенал» қақпашысы Давид Райя мен «Барселона» қорғаушысы Жорди Альба түлеп ұшқан.
Бұған дейін Месси 2026 жылғы «Алтын доп» сыйлығының фавориті атанған еді.