Рыбакина әлемнің бірінші ракеткасы атана ма? Чжэнге қарсы матчты қайдан көруге болады
WTA рейтингінде екінші орында тұрған қазақстандық теннисші Елена Рыбакина сәрсенбі, 9 қыркүйекте US Open-2026 турнирінің ширек финалында Қытай өкілі Чжэн Циньвэньмен (121-орын) кездеседі, деп хабарлайды Sports24.kz.
Рыбакина – Чжэн матчы Қазақстан уақытымен 20:30-да басталады. Кездесудің тікелей трансляциясын мына жерден көруге болады.
Жеңіс Рыбакинаны қазіргі уақытта WTA рейтингін бастап тұрған Арина Соболенконың нәтижесіне қарамастан әлемдік рейтингтің бірінші сатысына шығарады.
Биылғы US Open турнирінде Рыбакина Тея Фродинаны (585-орын), Джессика Бузас Манейроны (105), Юлия Стародубцеваны (58) және Наоми Осаканы (13) кезекпен жеңді.
Ал Чжэн турнирді іріктеу кезеңінен бастап, қазірдің өзінде жеті жеңіске жетті. Ол өз жолында Ю Сяодиді (206-орын), Клара Бюрельді (416), Елена Приданкинаны (186), Кристина Лютованы (125), Юлия Путинцеваны (84), Мэдисон Кизді (24) жеңді. Ал төртінші айналымда сенсациялық түрде Ига Швёнтекті (8) жарыстан шығарды.