locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

СКА - «Барыс»: онлайн көру. ҚХЛ матчының тікелей трансляциясы

«Барыс» 30 матчтан кейін 31 ұпай жинады
Хоккей
ФОТО: ХК "Барыс"

Бүгін, 27 қарашада, астаналық «Барыс» Құрлықтық хоккей лигасының (ҚХЛ) тұрақты чемпионатындағы кезекті матчын өткізеді. Қазақстандық команданың қарсыласы — Санкт-Петербургтің СКА клубы, деп хабарлайды Sports24.kz.

Кездесу Санкт-Петербургте өтеді және Қазақстан уақытымен 21:30-да басталады. СКА - «Барыс» матчының тікелей трансляциясын «Qazsport» телеарнасынан көруге болады.

Өзара кездесудің алдында командалардың көрсеткіштері шамалас. «Барыс» 30 матчтан кейін 31 ұпай жинаса, СКА 29 ойында 30 ұпай еншіледі.

Алдыңғы матчта астаналықтар өз айдынында череповецтік «Северстальды» 2:1 есебімен жеңіп, үш матчқа созылған жеңіліс сериясын үзді. Ал СКА Санкт-Петербургте ярославльдік «Локомотивке» 2:3 есебімен жол берді.

Командалар бұған дейін 27 қыркүйекте Астанада кездескен. Ол жолы «Барыс» 3:5 есебімен жеңіліп қалды.

Қазақстандық клуб СКА-ны соңғы рет 2021 жылғы 17 қазанда буллиттер сериясында 4:3 есебімен жеңген. Содан бері қарсыластар ҚХЛ аясында тоғыз матч өткізіп, олардың барлығында Санкт-Петербург командасы жеңіске жетті.

Арсен Алиев
Редактор ru, kk
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie