locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Чемпиондық белбеуден бас тартқан Жалғас Жұмағұловтың алдағы жоспары белгілі болды

Жалғас Жұмағұлов Oktagon ұйымынан кеткеннен кейін жаңа лигамен келісімшартқа отырды
ММА
Чемпиондық белбеуден бас тартқан Жалғас Жұмағұловтың алдағы жоспары белгілі болды
ФОТО: Oktagon

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Жалғас Жұмағұлов бразилиялық джиу-джитсуға маманданған ACB JJ лигасымен келісімшартқа отырды. Ұйым UFC-дің бұрынғы файтерінің қатарға қосылғанын әлеуметтік желідегі ресми парақшасында жариялады, деп хабарлайды Sports24.kz.

Әзірге ұйым қазақстандық спортшының алғашқы белдесуіне қатысты толық мәлімет таратқан жоқ.

Бұған дейін Жұмағұлов жаңа промоушенмен төрт белдесуге келісімшарт жасасқанын айтқан еді. 38 жастағы спортшының алғашқы кездесуі 20 желтоқсанда Дубайда өтеді деп жоспарланған.

«ACB JJ ұйымымен төрт белдесуге келісімшарт жасастым. 20 желтоқсанда Дубайда алғашқы белдесуім өтеді. Қарсыласым да өте қызықты. Күтіңіздер», – деді спортшы.

21 қарашада қазақстандық файтер еуропалық Oktagon MMA промоушенінен кететінін және аса жеңіл салмақтағы чемпиондық белбеуден бас тартатынын мәлімдеді. Мұндай шешім қабылдауына лайықты қарсыластардың болмауы себеп болған. Сондай-ақ Жұмағұлов ұйымның 25 желтоқсанда жекпе-жек өткізу туралы ұсынысын қабылдамады.

Қазақстандық спортшы Oktagon лигасындағы алғашқы жекпе-жегін 2024 жылдың қарашасында өткізіп, уэльстік Аарон Эбиді жеңген болатын. 2025 жылдың маусымында грузиялық Бено Адамиядан басым түсіп, промоушен тарихындағы тұңғыш қазақстандық чемпион атанды. Сол жылдың желтоқсанында чехиялық Давид Дворжакты техникалық нокаутпен жеңіп, чемпиондық атағын сәтті қорғады.

2026 жылдың маусымында Жалғас жеңіл салмақ дәрежесіне көтеріліп, екінші чемпиондық белбеуді иеленуге талпынды. Алайда бразилиялық Игор Севериноға қарсы жекпе-жек екінші раундта шап тұсынан жасалған тыйым салынған соққыдан кейін өтпеді деп танылды.

Айта кетейік, ACB JJ лигасында жекпе-жектер ММА ережесі бойынша өтпейді. Ұйым бразилиялық джиу-джитсу мен грэпплингке маманданған.

Қазіргі таңда Жұмағұловтың аралас жекпе-жектегі кәсіби көрсеткіші – 19 жеңіс, тоғыз жеңіліс және өтпеді деп танылған бір кездесу. Қазақстандық файтер 2020-2023 жылдар аралығында UFC-де өнер көрсетіп, жеті жекпе-жек өткізген.

Аружан Темірбек
Редактор ru, kk
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie