locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

СКА-ға қарсы кімдер ойнайды: «Барыс» ҚХЛ-дағы сырт алаңдағы матчқа құрамын жариялады

«Барыстың» Санкт-Петербургте СКА-ға қарсы ойнайтын құрамы белгілі болды
Хоккей
СКА-ға қарсы кімдер ойнайды: «Барыс» ҚХЛ-дағы сырт алаңдағы матчқа құрамын жариялады
ФОТО: Барыс ХК

Астаналық «Барыс» Құрлықтық хоккей лигасының плей-офф кезеңіне шығу үшін күресті жалғастырып жатыр. Бүгін, 27 қарашада Михаил Кравец шәкірттері сырт айдында Санкт-Петербургтің СКА командасымен кездеседі. Ойын қарсаңында қазақстандық клубтың бапкерлер штабы команданың құрамын жариялады, деп хабарлайды Sports24.kz.

Кездесуді негізгі қақпашы ретінде Владислав Нурек бастайды, ал Андрей Шутов қосалқы құрамда қалады. Бірінші шабуыл үштігіне Мэйсон Морелли, Райли Пилон және Джастин Бэйли енді.

«Барыстың» құрамы:

Қақпашылар: Нурек (Шутов);

Масси – Данияр, Морелли – Пилон – Бэйли;

Маккошен – Дэй, Симонов – Логвин – Томпсон;

Диханбек – Приски, Қайыржан – Шестаков – Өмірбеков;

Оразов – Ляпунов, Асетов – Шайхмедденов – Сәркенов.

Астаналықтар Санкт-Петербургке өз айдынында Череповецтің «Северсталь» командасын 2:1 есебімен жеңгеннен кейін аттанды. Осы жеңістің арқасында елордалық клуб қатарынан үш рет жеңіліс тапқан сәтсіз сериясын тоқтатты. Кездесуде Логан Дэй мен Джастин Бэйли шайба соқса, қақпашы Дмитрий Николаев қарсыластың 32 соққысын қайтарып, қазақстандық клуб сапындағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді.

Ал Андрей Разин жаттықтыратын СКА алдыңғы кездесуінде Ярославльдің «Локомотив» командасына 2:3 есебімен есе жіберді. Петербургтік хоккейшілер үшінші кезеңде екі шайба соққанымен, ойынды овертаймға ұластыра алмады.

Джастин Бэйлидің нәтижелі ойынын да ерекше атап өткен жөн. Америкалық шабуылшы ҚХЛ тұрақты чемпионатында 30 кездесуде 30 (19+11) ұпай жинап, үздік бомбардирлер мен мергендер көшін бастап тұр.

Қазіргі таңда «Барыс» 30 кездесуден кейін 31 ұпаймен Шығыс конференциясының турнирлік кестесінде тоғызыншы орында тұр. Ал 29 ойында 30 ұпай жинаған СКА Батыс конференциясында дәл осы сатыға жайғасқан.

Кездесу Қазақстан уақытымен сағат 21:30-да басталады. Матчтың тікелей көрсетілімі.

Аружан Темірбек
Редактор ru, kk
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie