locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

ҚХЛ «Барыстың» СКА-ны тарихи жеңіске жетуі туралы пікір білдірді

Қазақстандық клуб Санкт-Петербург командасына қарсы кездесуде рекорд орнатты
Хоккей
ҚХЛ «Барыстың» СКА-ны тарихи жеңіске жетуі туралы пікір білдірді
ФОТО: Барыс ХК

Құрлықтық хоккей лигасының (ҚХЛ) тұрақты чемпионатында астаналық «Барыстың» Санкт-Петербургтің СКА командасын сырт айдында 7:4 есебімен жеңуі лиганың баспасөз қызметінің назарынан тыс қалмады, деп хабарлайды Sports24.kz.

Михаил Кравецтің шәкірттері ресейлік клубқа қарсы бес жылға созылған жеңіссіз сериясын тоқтатып қана қоймай, екі команданың өзара кездесулер тарихында жаңа рекорд орнатты.

«Барыс» өз тарихында алғаш рет СКА қақпасына жеті шайба соқты», – делінген ҚХЛ-дың Instagram желісіндегі жарияланымында.

Кездесудің басты қаһармандарының бірі дубль авторы Асанәлі Сәркенов болды. Сонымен қатар қазақстандық клубтың үш хоккейшісі – Тайс Томпсон, Джейк Масси және Әлихан Өмірбеков «гол+пас» жүйесі бойынша екі ұпайдан жинады.

Үшінші кезеңнің соңғы минуттары астаналықтар үшін ерекше нәтижелі болды. Төрт минут ішінде қарсылас қақпасына үш шайба соққан қонақтар петербургтік ұжымның есепті теңестіру мүмкіндігін жоққа шығарды.

Айта кетейік, Санкт-Петербургтегі кездесуге дейін «Барыс» СКА-ға қарсы қатарынан тоғыз ойында жеңіліс тапқан еді. Қазақстандық ұжым ресейлік клубты соңғы рет 2021 жылдың қазан айында ұтқан. Сондай-ақ астаналықтар биылғы маусымда қыркүйек айында тіркелген 3:5 есебіндегі жеңілістің есесін қайтарды.

Осы жеңістің арқасында Михаил Кравецтің командасы 31 кездесуде 33 ұпай жинап, Шығыс конференциясының турнирлік кестесінде тоғызыншы орыннан жетінші сатыға көтерілді және плей-офф аймағына қайта оралды.

«Барыс» келесі кездесуін 29 қарашада Нижнекамск қаласында жергілікті «Нефтехимикке» қарсы өткізеді.

Аружан Темірбек
Редактор ru, kk
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie