locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

2028 жылғы Олимпиадаға қатыса ма? Рыбакина Қазақстан құрамасына қатысты жоспарын ашып айтты

Елена Рыбакина Қазақстан құрамасы сапында жиі өнер көрсетуді көздеп отыр
Теннис
2028 жылғы Олимпиадаға қатыса ма? Рыбакина Қазақстан құрамасына қатысты жоспарын ашып айтты
ФОТО: KTF

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина WTA турнирлері мен ұлттық құрама сапындағы ойындарды қатар алып жүру үшін жарыс кестесіне өзгеріс енгізуді жоспарлап отырғанын айтты, деп хабарлайды Sports24.kz.

Алматыда өткен баспасөз мәслихатында спортшы келесі маусымның күнтізбесін әзірлеу барысында командасы халықаралық турнирлердің маңыздылығын ғана емес, өзінің физикалық жағдайын да ескеретінін атап өтті. Сондай-ақ Рыбакина 2028 жылы Лос-Анджелесте өтетін Олимпиада ойындарына дайындыққа ерекше көңіл бөлмек.

«Әрине, Олимпиада ойындары жақындап келе жатқандықтан, ұлттық құрама сапында өнер көрсету мүмкіндіктерін қарастырамыз. Жарыс күнтізбесінің қалай қалыптасатынына және денсаулығыма мән береміз. Ірі турнирлерде табысты өнер көрсетіп, ұлттық құрама намысын қорғауға және Олимпиадаға дайындалуға мүмкіндік беретін оңтайлы шешім табуға тырысамыз», – деді Рыбакина.

ФОТО: KTF

Еске салайық, Рыбакина 2021 жылы Токиода өткен Олимпиада ойындарында алғаш рет бақ сынап, жүлдеге бір қадам қалғанда тоқтаған еді. Жартылай финалда қазақстандық теннисші швейцариялық Белинда Бенчичке есе жіберсе, қола медаль үшін өткен кездесуде украиналық Элина Свитолинадан жеңілді.

2024 жылы Париж Олимпиадасында Елена жекелей және аралас жұптық сында өнер көрсетуі тиіс болған. Алайда жарыс басталар алдында жедел бронхитке шалдығып, турнирден бас тартуға мәжбүр болды.

Осылайша, Лос-Анджелестегі Олимпиада Рыбакинаның мансабындағы екінші жазғы Олимпиада ойындары болуы мүмкін. Қазақстандық теннисшінің басты мақсаты – алғашқы Олимпиада жүлдесін иелену.

Бұған дейін Елена Рыбакина 2027 жылғы маусымға арналған жоспарымен бөлісіп, басты мақсаттарының бірі ретінде «Ролан Гаррос» турнирінде топ жаруды атаған еді.

Аружан Темірбек
Редактор ru, kk
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie