locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Рыбакина әлемдік рейтингтің шыңында ұзақ уақыт тұрақтай алатын теннисшілерді атады

Әлемнің бірінші ракеткасы WTA турында бәсекенің жоғары екенін бағалап, Мирра Андреева, Коко Гауфф және Элина Свитолинаны ерекше атап өтті
Теннис
Рыбакина әлемдік рейтингтің шыңында ұзақ уақыт тұрақтай алатын теннисшілерді атады
Фото: Gettyimages

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Алматыда өткен баспасөз мәслихатында әйелдер теннисіндегі жоғары бәсеке туралы пікір білдіріп, алдағы жылдары әлемдік рейтинг көшбасшылары қатарында қала алатын спортшыларды атады, деп хабарлайды Sports24.kz.

Рыбакинаның пікірінше, ұзақ уақыт бойы ең жоғары деңгейде өнер көрсетуге әлеуеті зор теннисшілер — ресейлік Мирра Андреева мен америкалық Коко Гауфф. Сонымен қатар қазақстандық теннисші WTA турында күштердің ара салмағы өте жылдам өзгеруі мүмкін екенін атап өтті.

«Меніңше, Мирра Андрееваны айтпағанда, Коко Гауфф та жақсы өнер көрсетіп жүр. Бәрі өте жылдам өзгеруі мүмкін. Андреева маусымды шынымен тамаша аяқтады. Элина Свитолина да соңғы уақытта жақсы ойнап жүр. Сондықтан мұнда ештеңені болжау оңай емес. Бірақ Мирра ең жас болғандықтан, ол мен Коко, сірә, шыңда ұзағырақ болады», — деді Рыбакина.

Осылайша, әлемнің бірінші ракеткасы әйелдер теннисінің жаңа буын өкілдерін ғана емес, тәжірибелі украиналық спортшы Элина Свитолинаны да атап, оның соңғы нәтижелеріне тоқталды.

Еске салайық, 19 жастағы Мирра Андреева 2026 жылғы WTA қорытынды турнирінің жеңімпазы атанды. Жарыстың қазіргі чемпионы болған Рыбакина турнир басталар алдында сырқатына байланысты жарыстан шығып, титулын қорғай алмады.

Еске салайық, бұған дейін қазақстандық теннисші өткен маусымда «Үлкен дулыға» турнирлерінің финалында екі рет жеңген Арина Соболенкомен қарсыластығы туралы да пікір білдірген еді. Рыбакинаның айтуынша, олардың өзара кездесулерінің нәтижесін көбіне бірнеше ғана ұпай мен жекелеген тактикалық шешімдер айқындайды.

Абылай Сеитов
Журналист
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie