locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Ордабасы» Хусановқа көз тікті ме? Желіде АПЛ клубының қорғаушысымен кездесуден түскен сурет жарияланды

Шымкенттік клубтың өкілдері Англиядағы сапарын жалғастырып жатыр
Футбол
«Ордабасы» Хусановқа көз тікті ме? Желіде АПЛ клубының қорғаушысымен кездесуден түскен сурет жарияланды
ФОТО: Getty images

Қазақстандық кәсіпкер әрі шымкенттік «Ордабасының» амбассадоры Бейбіт Әлібеков Instagram парақшасында «Манчестер Сити» мен Өзбекстан ұлттық құрамасының қорғаушысы Абдуқодир Хусановпен бірге түскен суретін жариялады, деп хабарлайды Sports24.kz.

Кездесу Қазақстанның қазіргі чемпионы өкілдерінің Англияға сапары аясында өтті. Шымкенттік клубтың делегациясы Англия Премьер-лигасы командаларының инфрақұрылымымен және олардың жұмыс тәжірибесімен танысып жүр.

Айта кетейік, бұған дейін Әлібеков Қазақстан ұлттық құрамасының шабуылшысы Дастан Сәтпаевпен де кездескен болатын. Жас футболшы қазіргі уақытта лондондық «Челсидің» медициналық штабының бақылауымен жарақатынан айығып келеді.

Ал Хусанов 2025 жылдың қаңтарында франциялық «Ланстан» «Манчестер Ситиге» ауысып, Англия Премьер-лигасының тарихындағы алғашқы өзбекстандық футболшы атанды. 22 жастағы қорғаушының ағылшын клубымен қолданыстағы келісімшарты 2029 жылдың жазына дейін есептелген.

Әлібеков өзбекстандық футболшымен кездесудің мән-жайын ашып айтпады. Әзірге «Ордабасының» Хусановты өз қатарына қосуға қызығушылық танытқаны туралы ресми ақпарат жоқ.

Еске салайық, 2026 жылғы маусымның қорытындысы бойынша шымкенттік клуб Қазақстан Премьер-лигасының чемпионы атанды. Келесі маусымда «Ордабасы» еліміздің намысын УЕФА Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңінде қорғайды.

Аружан Темірбек
Редактор ru, kk
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie