Брутально: «Металлург» жаттықтырушысы «Барысты» жеңгеннен кейін боқтық сөздер айтты
Магнитогорскілік «Металлург» командасының бас бапкері Андрей Разин ҚХЛ аясында «Барыспен» өткен ойыннан кейінгі баспасөз конференциясында ашуға булықты, деп хабарлайды Sports24.kz.
Жаттықтырушы команда көшбасшысы — шабуылшы Владимир Ткачев туралы қойылған бірнеше сұрақтан кейін өзін-өзі ұстай алмай қалды.
— Сен отырып алып, Ткачев, Ткачев деп жағдайды ушықтыра бересің, бо***. Қандай пәле, Ткачев?! Бүгін оның не істегенін көрдің бе? Қалай ойнағанын көрдің бе?
— Оның өз бабында емес екені көрініп тұр...
— Қандай пәле, «өз бабында»?! Мен оған, блин, көк жиегі бар тәрелке дайындап, ойнасын деп, блин, ж*** жағын үрлеуім керек пе? Ә? Маған жауап бер. Мен оған қандай пәле тәрелке дайындауым керек? Ол — хоккейші! Жаттықтырушы не айтса, бо***, соны орындауы тиіс! «Қаласам ойнаймын, қаласам ойнамаймын» деген болмайды! Жаттықтырушының беделі болуы керек! Осындай адамдар, пәле, барын салып ойнауы тиіс! Ал қай буында ойнайтынын ойлап отырмауы керек!
Еске сала кетейік, «Барыс» Магнитогорскіде 0:3 есебімен жеңілді. Михаил Кравецтің командасы алғашқы кезеңде толықтай сәтсіз өнер көрсетіп, жауапсыз үш шайба жіберіп алды. Астана командасының қақпасына кезек-кезек Хабаров, Коробкин және Михайлис гол соқты.