locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Бұл еш жарамайды». Черевченко – КПЛ-дегі «Ақтөбенің» мінез көрсетіп тең түсуі туралы

Ақтөбеліктер «Ұлытауға» қарсы матч барысында жеңіліп жатып, ойын соңында есепті теңестірді
ФОТО: «Актобе»
Қазақстан Премьер-Лигасы
18.09.2026, Аяқт.
Актобе
2
Улытау
2

«Ақтөбе» бас бапкері Игорь Черевченко КПЛ-дің 27-туры аясында «Ұлытауға» қарсы өткен матчтағы жігерлі тең ойын туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Sports24.kz.

«Әрине, алғашқы таймды жақсы бастадық, тез гол соқтық. Кейін команда ойыннан шығып қалғандай әсер болды. Қарсы шабуылдардан, бұрыштамалардан гол жіберіп алдық... Әрине, бұл еш жарамайды. Екінші таймда басымдықты өз қолымызға алдық. Есепті теңестіргеніміз жақсы болды», — деді жаттықтырушы ойыннан кейін.

Айта кетейік, «Ақтөбе» мен «Ұлытау» Қазақстан Премьер-лигасының 27-туры матчында ұпай бөлісті. Кездесу нәтижелі тең аяқталды – 2:2.

Ақтөбеліктер матч барысында басымдығын уысынан шығарып алды, тіпті жеңіліп қалуға шақ қалды. Алайда Темірлан Ерлановтың қосымша уақытта соққан голы командаға бір ұпай әкелді.

Осы кездесуден кейін «Ақтөбе» 42 ұпай жинап, КПЛ турнирлік кестесінде бесінші орында тұр.

Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie