Сәтсіз өткен алғашқы кезең: «Барыс» «Металлургтен» қақпасына гол жібермей жеңілді
«Барыстың» Құрлықтық хоккей лигасындағы жаңа маусымдағы алғашқы сырт алаңдағы сериясы Магнитогорскіде жергілікті «Металлургтен» жеңілумен жалғасты, деп хабарлайды Sports24.kz.
Михаил Кравец командасы алғашқы кезеңді толықтай сәтсіз өткізіп, жауапсыз үш шайба жіберіп алды. Астаналық команданың қақпасына Хабаров, Коробкин және Михайлис кезек-кезек гол соқты. Матчтың қалған уақытында Астанадан келген қонақтар есеп айырмасын қысқарта да алмады.
Осы нәтижеден кейін «Барыс» алты ұпаймен Шығыс конференциясының бесінші сатысында қалды.
20 қыркүйекте Кравец командасы Ярославльдің «Локомотивіне» қарсы ойнайды. Еске салайық, Астана ұжымы сырт алаңдағы сериясын Тольяттидің «Ладасын» 6:0 есебімен ойсырата жеңуден бастаған еді.
«Барыстың» сырт алаңдағы турне аясындағы толық ойын кестесі:
16 қыркүйек, 20:00 «Лада» — «Барыс»; (0:6)
18 қыркүйек, 19:00 «Металлург» — «Барыс»; 3:0
20 қыркүйек, 19:00 «Локомотив» — «Барыс»;
22 қыркүйек, 21:30 Мәскеудің «Динамосы» — «Барыс».