locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

ВИДЕО. «Ордабасы» Қазақстан кубогының финалында «Қайсардың» қақпасына жылдам гол соқты

«Ордабасы» Қазақстан кубогының финалында «Қайсарға» қарсы есеп ашты
Футбол
ВИДЕО. «Ордабасы» Қазақстан кубогының финалында «Қайсардың» қақпасына жылдам гол соқты
ФОТО: ФК Ордабасы
Қазақстан Кубогы
07.11.2026, Аяқт.
Ордабасы Шымкент
4
Кайсар
1

Бүгін, 7 қарашада Түркістандағы «Түркістан Арена» стадионында Шымкенттің «Ордабасы» мен Қызылорданың «Қайсар» командалары арасында футболдан Қазақстан кубогының финалдық кездесуі өтіп жатыр. Ел чемпионы атанған шымкенттік клуб ойынның алғашқы минуттарында-ақ есеп ашты, деп хабарлайды Sports24.kz.

Кездесудің 7-минутында «Ордабасы» футболшысы Астанов қарсылас қақпасын дәл көздеп, командасын алға шығарды - 1:0. Матчтың тікелей трансляциясы.

Шымкенттік клуб финалға Қазақстанның 2026 жылғы чемпионы ретінде қатысып отыр. Андрей Мартиннің шәкірттері Премьер-лиганың алтын медалін мерзімінен бұрын жеңіп алып, енді маусымдағы екінші жүлдесіне қол жеткізуді көздейді.

Ал «Қайсар» үшін де бұл кездесудің маңызы зор. Қызылордалық команда ел чемпионатын соңғы орында аяқтап, Премьер-лигадан шығып қалды. Дегенмен Қазақстан кубогын жеңіп алып, маусымды жүлдемен аяқтауға және еурокубок додасына жолдама иеленуге мүмкіндігі бар.

Егер «Ордабасы» финалда жеңіске жетсе, клуб өз тарихында алғаш рет бір маусымда Қазақстан чемпионаты мен ел кубогын қатар ұтып, «алтын дубль» жасайды.

Аружан Темірбек
Редактор ru, kk
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie