locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Қазақстан атынан 2027/28 жылғы маусымда еурокубокқа қатысатын барлық клуб анықталды

2027/28 жылғы маусымда еурокубокта Қазақстан намысын қорғайтын төрт клуб белгілі болды
Футбол
Қазақстан атынан 2027/28 жылғы маусымда еурокубокқа қатысатын барлық клуб анықталды
ФОТО: ФК Ордабасы
Қазақстан Кубогы
07.11.2026, Аяқт.
Ордабасы Шымкент
4
Кайсар
1

Шымкенттің «Ордабасы» командасы Қазақстан кубогының финалында Қызылорданың «Қайсарын» 4:1 есебімен жеңіп, 2026 жылғы турнирдің жеңімпазы атанды. Осы нәтижеден кейін ел чемпионатын төртінші орында аяқтаған Көкшетаудың «Оқжетпесі» де еурокубокқа жолдама алды, деп хабарлайды Sports24.kz.

Шымкенттік клуб Қазақстан кубогының финалына дейін-ақ УЕФА Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңіне қатысу құқығын иеленген болатын. Андрей Мартиннің шәкірттері Премьер-лигада мерзімінен бұрын топ жарып, кейін ел кубогын да жеңіп алды. Осылайша, «Ордабасы» өз тарихында алғаш рет бір маусымда екі бірдей басты трофейді қанжығасына байлады.

«Ордабасы» Қазақстан чемпионы ретінде Чемпиондар лигасына жолдама алғандықтан, ел кубогының жеңімпазына тиесілі Конференция лигасының жолдамасы Премьер-лигада еурокубокқа әлі жолдама алмаған келесі командаға бұйырды. Ол – көкшетаулық «Оқжетпес».

Көкшетау клубы маусымды 54 ұпаймен төртінші орында аяқтады. Қола жүлдегер атанған елордалық «Астана» да дәл осынша ұпай жинағанымен, қосымша көрсеткіштер бойынша үшінші орынға тұрақтады.

Алматының «Қайраты» 65 ұпаймен күміс жүлдені иеленді. Чемпион атанған «Ордабасы» 68 ұпай жинап, ең жақын қарсыласын үш ұпайға басып озды.

2027/28 жылғы маусымда Қазақстан атынан еурокубокқа қатысатын клубтар:

• «Ордабасы» (Шымкент) – УЕФА Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңі.

• «Қайрат» (Алматы) – УЕФА Конференция лигасының іріктеу кезеңі.

• «Астана» – УЕФА Конференция лигасының іріктеу кезеңі.

• «Оқжетпес» (Көкшетау) – УЕФА Конференция лигасының іріктеу кезеңі.

Осылайша, келесі маусымда Қазақстанның төрт клубы еуропалық додада бақ сынайды. Оның бірі Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңінен бастаса, қалған үшеуі Конференция лигасының негізгі кезеңіне шығу үшін күреседі.

Қазақстан кубогының финалындағы нәтиже әсіресе «Оқжетпес» үшін маңызды болды. Егер шешуші кездесуде «Қайсар» жеңіске жеткенде, көкшетаулық клуб еурокубок жолдамасынан қағылар еді. Алайда «Ордабасының» жеңісі Премьер-лиганы төртінші орында аяқтаған командаға халықаралық аренада өнер көрсетуге мүмкіндік берді.

Аружан Темірбек
Редактор ru, kk
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie