Жоғары қауіп: Ирандық хакерлер тобы әлем чемпионатын тоқтатамыз деп қорқытып отыр
2026 жылғы футболдан әлем чемпионаты қызу жүріп жатыр, турнир АҚШ, Канада және Мексикада өтуде. Өкінішке қарай, бұл доданы алаңдатарлық қауіп басып тұр, деп хабарлайды Sports24.kz.
L'Équipe басылымының мәліметінше, Ирандық Handala хакерлер тобы ФБР-дің дрондарын бұзғанын және турнирге тікелей қауіп төндіріп отырғанын мәлімдеді.
АҚШ мемлекеттік департаменті топ мүшелерін анықтауға көмектесетін кез келген ақпарат үшін 10 миллион долларға дейін сыйақы ұсынып отыр.
«Әлем чемпионатындағы қауіпсіздікті күшейтіңіздер, бізге бұл командалардың кейбіреуі мүлде ұнамайды. Есіңізде болсын: FPV-дрондар барлық жерде. Қай уақытта, қай жерде команданың автобусының жанында біреуі пайда болатынын ешқашан білмейсіз», – делінген топтың мәлімдемесінде.
Осы уақытта әлем чемпионатында жанжал орын алды: Мексика мен Оңтүстік Африка арасындағы кездесуде төреші Уилтон Сампайо FOX телеарнасының жарнама уақытына байланысты ойыншыларды су ішу үзілісінен кейін алаңға жоспардан ұзақ шығармауға мәжбүр болды.