«Вильярреал» - «Барселона». Ла Лиганы орталық матчындaғы бастапқы құрамдар
«Сары суасты қайығы» мен «блауґрана» Испания чемпионаты аясында кездеседі
Футбол
Дамир Кошечкин
Журналист
ФОТО: Getty Images
21 желтоқсанда Испания Ла Лигасының 17-турында «Вильярреал» мен «Барселона» өзара күш сынасады.
Командалар бапкерлері бұл матчқа келесі бастапқы құрамдарды ұсынады:
«Вильярреал»: Жуниор Рейс, Наварро, Марин, Вейга, Кардона, Бьюкенен, Комесанья, Парехо, Молейро, Пепе, Перес.
«Барселона»: Х. Гарсия, Кунде, Кубарси, Мартин, Бальде, Э. Гарсия, Де Йонг, Ямаль, Фермин, Рафинья, Торрес.
«Сары суасты қайығы» мен «блауґрана» арасындағы жекпе-жек Астана уақыты бойынша 20:15-те басталады.
Бұл кездесуге «Вильярреал» Испания чемпионатының турнирлік кестесінде 35 ұпаймен төртінші орында келеді. Ал «Барселона» 43 ұпаймен Ла Лиганың көшбасшысы болып тұр.