locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Вильярреал» - «Барселона» - 0:2. Ямаль екінші таймда бәрін шешті. Голдар және матчқа бейнешолу

«Барселона» еш шуусыз-ақ «Вильярреалды» жеңді
Футбол
Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
Редактор
«Вильярреал» - «Барселона» - 0:2. Ямаль екінші таймда бәрін шешті. Голдар және матчқа бейнешолу
ФОТО: Getty images

21 желтоқсанда «Барселона» Ла Лиганың кезекті турында сырт алаңда «Вильярреалға» қарсы сенімді ойын өткізіп, «Эстадио де ла Серамикадан» маңызды үш ұпайды алып қайтты.

Каталондықтар матчтың алғашқы минуттарынан-ақ ойын тізгінін өз қолына алып, бұл басымдықты тез арада есепке айналдырды. 12-минутта Рафинья пенальтиді мүлтіксіз орындап, кездесудегі есепті ашты. Алаң иелері қарсылық көрсетуге тырысқанымен, 39-минутта Рамон Вейганың алаңнан қуылуы олардың жоспарын күрт өзгертті - «Вильярреал» үзіліске дейін-ақ он ойыншымен қалды.

Екінші таймда «Барселона» жағдайды толық бақылауда ұстап, ойынды сабырмен жеңіске жеткізді. 63-минутта Ламин Ямаль қорғаныстағы бос кеңістікті ұтымды пайдаланып, есепті еселеді - 2:0. Бұдан кейін қонақтар есепке сай ойнап, қарсыласқа қауіпті сәттер жасауға мүмкіндік берген жоқ.

Назарларыңызға матчтың бейнешолуын ұсынамыз.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie