locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Барселона» пенальти, қызыл карточка және Ямальдың голының арқасында «Вильярреалды» тізе бүктірді

Рафинья пенальтиден гол соқты, Вейга алаңнан қуылды, ал Ямаль жеңіс голын тіркеді
«Барселона» пенальти, қызыл карточка және Ямальдың голының арқасында «Вильярреалды» тізе бүктірді
ФОТО: gettyimages.com

21 желтоқсан күні Испания Ла Лигасының 17-турында «Керамика» стадионында «Вильярреал» мен «Барселона» кездесті. Қонақтар 2:0 есебімен айқын жеңіске жетті.

Ойынның 12-минутында «Барселонаның» шабуылшысы Рафинья пенальтиден есеп ашты. 39-минутта «Вильярреалдың» қорғаушысы Ренату Вейга тікелей қызыл карточка алып, алаңнан қуылды. Шешуші сәт 64-минутта туды: «Блауграна» шабуылшысы Ламин Ямаль есепті еселеп, ойын тағдырын түбегейлі шешті.

18 матчтан кейін «Барселона» 46 ұпай жинап, Ла Лига турнирлік кестесінде көшбасшылықты сақтап қалды. «Вильярреал» болса, 16 ойыннан кейін 35 ұпаймен төртінші сатыда тұр.

Ла Лига. 17-тур

«Вильярреал» - «Барселона» - 0:2

Голдар: Рафинья, 12 , Ямаль 63

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie