Рафинья гол соқты, ал Вейга алаңнан қуылды: «Барселона» Вильярреалда бірінші таймнан кейін алда келеді
Есепті Рафиньяның пенальтиден соққан добы ашты, ал «Вильярреал» Вейганың алаңнан қуылуынан кейін азшылықта қалды
Футбол
Асылхан Тоқсанбек
Редактор
ФОТО: gettyimages.com
Бүгін, 21 желтоқсан күні, испан Ла Лигасының 17-турында «Керамика» стадионында «Вильярреал» мен «Барселона» кездесіп жатыр.
Ойын қазақстандық уақыт бойынша 21:00-де басталды. Алғашқы таймда-ақ Каталония қонақтары алға шықты — есепті «Барселона» шабуылшысы Рафинья ашты, ол 12-минутта пенальтиден дәл соғып кетті.
«Вильярреал» азшылықта қалды: команданың қорғаушысы Ренату Вейга 39-минутта тікелей қызыл қағаз алып, алаңнан қуылды.
Испания чемпионатының 17 матчынан кейін «Барселона» 43 ұпаймен турнир кестесінде көш бастап тұр, ал «Вильярреал» 15 ойыннан кейін 35 ұпаймен төртінші орында.