locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Бұған дайын болуы керек». «Барселонаның» бас бапкері Ямальға ескерту жасады

Флик «Вильярреал» қорғаушысының алаңнан қуылуын түсіндірді
Футбол
Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
Редактор
«Бұған дайын болуы керек». «Барселонаның» бас бапкері Ямальға ескерту жасады
ФОТО: Getty images

«Барселона» бас бапкері Ханси Флик Ла Лиганың 17-турында өткен «Вильярреалға» қарсы матчтағы Ренато Вейганың алаңнан қуылуына қатысты пікір білдірді. Неміс маманы төрешінің шешімін қолдап, Ламин Ямальмен болған эпизодқа жеке тоқталды.

«Мен үшін бұл – анық қызыл қағаз. Ямальға қарсы үнемі қатаң ойнайды, оны тура мағынасында «аңдиды». Ол бұған дайын болуы керек», – деді Флик ойыннан кейін.

Еске сала кетейік, «Барселона» бұл кездесуде «Вильярреалды» 2:0 есебімен сенімді түрде ұтты. Кездесудің соңғы минуттарында Ламин Ямаль есепті еселеп, матчтағы барлық сұрақты біржола жапты.

17 тур қорытындысы бойынша «Барселона» 46 ұпаймен Ла Лиганың турнирлік кестесінде жеке-дара көш бастап тұр және чемпиондық жарыста өз артықшылығын сақтап келеді.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie