locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Видео: «Реал» мен ПСЖ-дан жеңілгеннен кейін Флик «Барселонаға» айтылған сынға жауап берді

«Барселонаның» бас бапкері Ханс-Дитер Флик «Реал» мен ПСЖ-дан жеңілгеннен кейін командаға бағытталған сынға қатысты пікір білдірді
Футбол
Видео: «Реал» мен ПСЖ-дан жеңілгеннен кейін Флик «Барселонаға» айтылған сынға жауап берді
ФОТО: Getty images
Чемпиондар Лигасы
03.11.2026, 15.00
Барселона
-
Астон Вилла
-

«Барселонаның» бас бапкері Ханс-Дитер Флик соңғы екі жеңілістен кейін командасының мүмкіндігіне күмән келтіргендерге жауап берді. Каталониялық клуб Чемпиондар лигасында ПСЖ-ға 2:4 есебімен есе жіберсе, Испания чемпионатында мадридтік «Реалдан» 1:2 есебімен жеңілді, деп хабарлайды Sports24.kz.

Бұл нәтижелер «Барселонаның» Еуропаның үздік клубтарымен қаншалықты бәсекеге түсе алатыны жөнінде түрлі пікір туғызды. Алайда неміс маманы екі кездесудегі жеңіліс қарсыластар арасындағы деңгей айырмашылығын көрсетеді деген тұжырыммен келіспейді.

«Мұндай нәтижелерден кейін күмән туындайтыны мені таңғалдырмайды. Бұл – футболда қалыпты жағдай. Біз өз мүмкіндігімізді сөзбен емес, алаңдағы ойынымызбен дәлелдеуіміз керек. Команда бұған дейін де жоғары деңгейде өнер көрсете алатынын көрсетті. Сондықтан ақталудың қажеті жоқ. Меніңше, біз «Реалмен» де, ПСЖ-мен де тең дәрежеде ойнай аламыз. Екі кездесудің де нәтижесі басқаша болуы мүмкін еді», – деді Флик.

Бапкердің айтуынша, өткен матчтардағы сәтсіздіктерді қайта талқылай бергеннен гөрі, алдағы ойындарға дайындалу әлдеқайда маңызды. Ол соңғы нәтижелерге қарамастан, клубтың осы маусымға қойған мақсаттары өзгермейтінін жеткізді.

Сонымен қатар Флик футболда жеңілістің жеңіске қарағанда көбірек талқыланатынын атап өтті. Оның пікірінше, мұндай сәттерде команданың осал тұстарын іздеп, ойыншылардың өнеріне баға беру – заңды құбылыс.

Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі үш турдан кейін «Барселона» алты ұпай жинап, турнир кестесінде сегізінші орында тұр.

Каталониялық клуб келесі кездесуін 3 қарашада өз алаңында ағылшынның «Астон Вилласына» қарсы өткізеді. Чемпиондар лигасының төртінші турындағы матч Қазақстан уақытымен 4 қараша күні сағат 01:00-де басталады.

Ал 8 қарашада Флик шәкірттері Испания чемпионатының 12-туры аясында мадридтік «Атлетикомен» кездеседі. Ойын «Метрополитано» стадионында өтеді.

Аружан Темірбек
Редактор ru, kk
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie