«Реалда» Винисиуске қатысты үш жеңістен кейін маңызды шешім қабылдануы мүмкін
Мадридтік «Реалдың» жұлдызды шабуылшысы Винисиус Жуниор дисквалификациядан оралған соң командасының негізгі құрамындағы кепілді орнынан айырылуы мүмкін, деп хабарлайды Sports24.kz talkSPORT-қа сілтеме жасап.
Талқылауға мадридтіктердің бразилиялық футболшысыз көрсеткен сәтті ойыны себеп болды. Жозе Моуринью шәкірттері Испания чемпионатында қатарынан үш жеңіске жетіп, «Севильяны», «Барселонаны» және «Расингті» ұтты.
Винисиустың шабуылдың сол қанатындағы орнына шыққан 19 жастағы Ян Диоманде ерекше көзге түсті. Жас футболшы нәтижелі ойынымен таңғалдырды және соңғы матчтардың басты жаңалықтарының біріне айналды.
Футбол шолушысы Энди Брасселл бразилиялық шабуылшы оралғаннан кейін жаттықтырушылар штабына оңай емес шешім қабылдауға тура келеді деп санайды. Сарапшының пікірінше, Винисиус енді негізгі құрамға автоматты түрде енетініне сенім арта алмайды.
Шабуылшының жеке статистикасы да жағдайды күрделендіре түседі. «Реалмен» келісімшартын 2032 жылға дейін ұзартқаннан кейін бразилиялық 11 матчта небәрі бір гол соғып, үш нәтижелі пас берді.
Сонымен қатар мадридтіктердің бас бапкері Жозе Моуринью бұған дейін Винисиуске сенім артатынын айтқанымен, оған негізгі құрамнан орын алуға кепілдік бермеген еді.
Еске салайық, бразилиялық футболшы «Вильярреалға» қарсы матчта алаңнан қуылғаннан кейін Испания чемпионатында төрт ойынға дисквалификацияланған. Ол Ла Лигаға 21 қарашада «Сельтаға» қарсы матчта орала алады.