«Сабах» Бакуде «Барселона», «Боруссия», «Славия» және «Наполиге» қарсы матчтарға комбо-билеттер сатылымын бастады
Жалпы билет аясында жанкүйерлер команданың Чемпиондар лигасындағы қалған үй матчтарын тамашалай алады
Футбол
ФОТО: «Сабах»
Әзербайжандық «Сабах» Бакуде «Барселона», Дортмундтың «Боруссиясы», «Славия» және «Наполиге» қарсы матчтарға комбо-билеттер сатылымы басталғанын жариялады, деп хабарлайды Sports24.kz.
Бір комбо-билет сатып алған жанкүйерлер «Сабахтың» Чемпиондар лигасындағы қалған үй матчтарын: пражалық «Славияға», дортмундтық «Боруссияға», «Барселонаға» және «Наполиге» қарсы ойындарды тамашалай алады.
Комбо-билеттердің бағасы:
- 35 манат (243,7 мың сум);
- 60 манат (417,7 мың сум);
- 190 манат (1,32 млн сум);
- 285 манат (1,98 млн сум).
Айта кетейік, «Сабах» сапындағы Покатиловтың Чемпиондар лигасындағы келесі үй матчы 13 қазанда пражалық «Славияға» қарсы өтеді. 20 қазанда Покатиловтың командасы «Боруссияны» қабылдайды, 25 қарашада «Барселонамен» ойнайды, ал 20 қаңтарда Бакуге «Наполи» келеді.