Қауіп төнген он футболшы: «Аталанта» «Қайратпен» матч алдында кадрлық дағдарысқа тап болды
Италияның «Аталанта» командасы Конференция лигасы жалпы кезеңінің үшінші турында алматылық «Қайратқа» қарсы өтетін матчта бірқатар негізгі футболшысынан айырылуы мүмкін, деп хабарлайды Sports24.kz.
FotMob статистикалық порталының мәліметінше, Бергамо командасының жарақат алған ойыншыларының тізімінде бірден он футболшы бар. Олардың қатарында шабуылшылар Джанлука Скамакка мен Джакомо Распадори, жартылай қорғаушылар Франк Кессье мен Джанлука Гаэтано, сондай-ақ қорғаушылар Рауль Белланова, Сеад Колашинац, Исак Хиен, Одилон Коссуну және Томас Кристенсен бар.
Италиялықтар үшін Скамакка мен Белланованың алаңға шыға алмауы айрықша ауыр соққы болуы мүмкін. Екі футболшы да Италия чемпионатында «Фрозинонеге» қарсы өткен және нәтижелі тең есеппен — 4:4 аяқталған матчта жарақат алған.
Ал Колашинацтың жағдайы әзірге белгісіз. Италиялық БАҚ-тың хабарлауынша, босниялық қорғаушының жарақатынан айығуы жақын және оның Қазақстан командасына қарсы ойында алаңға шығу мүмкіндігі сақталып отыр.
«Аталантаның» қазіргі ойын формасы да алаңдаушылық туғызады. Италиялық клуб тоғыз матч қатарынан гол жіберіп, қорғанысты ұйымдастыруда айқын қиындықтарға тап болып жүр.
Осылайша, «Қайрат» мәртебесі жоғары қарсыласымен кездесер алдында күтпеген басымдыққа ие болуы мүмкін.
Еске салайық, «Аталанта» — «Қайрат» матчы 5 қарашада Бергамода өтеді. Кездесу Қазақстан уақытымен 22:45-те басталады.