locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Видео: Мадрид дербиі алдында Жозе Моуринью «Реал» туралы мәлімдеме жасады

Мадридтік клубтың бас бапкері «Атлетикоға» қарсы маңызды матч алдында командасына айтылып жүрген сынға жауап беріп, «Реалды» басқа клубтармен салыстырмайтынын жеткізді.
Видео: Мадрид дербиі алдында Жозе Моуринью «Реал» туралы мәлімдеме жасады
ФОТО: Getty images
Ла Лига Испания
20.09.2026, 10.15
Атлетико Мадрид
-
Реал Мадрид
-

«Реалдың» бас бапкері Жозе Моуринью мадридтік дерби алдында командасының қазіргі жағдайы туралы пікір білдірді. «Реал» мен «Атлетико» 20 қыркүйекте «Метрополитано» стадионында Ла Лиганың жетінші туры аясында кездеседі, деп хабарлайды Sports24.kz.

Матч алдындағы баспасөз мәслихатында португалиялық маман соңғы уақытта командасына айтылып жүрген сынға жеке тоқталды. Моуринью «Реалдың» ойынында әлі де түзетуді қажет ететін тұстар бар екенін жасырмады. Дегенмен ол мадридтік клубты басқа командалармен салыстырудың қажеті жоқ деп есептейді.

«Тарихы мен футбол мәдениеті жағынан «Реалдың» орны бөлек. Сондықтан өзімізді ешкіммен салыстырғым келмейді. Мен тек өз командам туралы айтамын және бізде қандай мәселелер барын, нені жақсарту керегін ашық мойындаймын», - деді Моуринью.

Бапкер алдағы кездесудің маңызына да тоқталды. Оның сөзінше, екі клуб арасындағы ұзақ жылдарға созылған бәсеке мен жанкүйерлер үшін маңызы мадридтік дербиге ерекше мәртебе береді. Алайда турнирлік тұрғыдан бұл ойында да үш ұпай сарапқа салынады.

«Реал» дербиге «Эльчеге» қарсы қиын жеңістен кейін келеді. Моуринью шәкірттері екі доп айырмасымен алда тұрғанымен, қарсыласына есепті теңестіруге мүмкіндік берді. Дегенмен матч соңында Карлос Эспи гол соғып, мадридтіктерге 3:2 есебімен жеңіс сыйлады. Оған дейін «Реал» «Райо Вальеканоны» ірі есеппен жеңген еді.

«Атлетико» болса, соңғы екі кездесуінде де жеңіске жетті. Диего Симеоне командасы алдымен сырт алаңда «Реал Сосьедадты» 3:0 есебімен ұтса, кейін «Осасунаны» 4:0 есебімен жеңді. Осы екі матчта «Атлетико» жеті гол соғып, өз қақпасына бірде-бір доп жібермеді.

Алты турдан кейін «Реал» Ла Лига кестесінде екінші орында тұр. Мадридтік клуб көш бастап келе жатқан «Барселонадан» кейін орналасқан. Ал «Атлетико» үшінші сатыда келеді.

Жозе Моуриньюдің «Атлетикоға» қарсы матч алдындағы баспасөз мәслихатында айтқан сөздерінің толық аудармасын Sports24.kz төменде ұсынады.

Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie