locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Севилья» — «Барселона»: тікелей трансляцияны қайдан көруге болады

Каталониялық команда бұл маусымда әлі ұпай жоғалтқан жоқ
ФОТО: Getty Images
Ла Лига Испания
19.09.2026, 15.00
Севилья
-
Барселона
-

19-нан 20 қыркүйекке қараған түні «Севилья» Испания Ла Лигасының 7-туры аясындағы матчта «Барселонаны» қабылдайды, деп хабарлайды Sports24.kz.

Кездесудің басталу ысқырығы Қазақстан уақытымен 00:00-де естіледі. Испания чемпионатының бұл матчын Қазақстанда тікелей эфирде Setanta Sports телеарнасынан және Setanta Sports стримингтік платформасынан көруге болады.

Каталониялық команда осы маусымдағы Ла Лигада әлі ұпай жоғалтқан жоқ: Ханси Флик шәкірттері алты ойыннан кейін 18 ұпай жинады. «Блауграна» мадридтік «Реалдан» үш ұпай алда келеді. Ал севильялықтар да маусымды жаман бастаған жоқ: олардың еншісінде 13 ұпай бар.

Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie