locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Реал» – «Райо Вальекано». Онлайн көру. LIVE-трансляция

Командалар Испания Примерасының 5-турында «Бернабеуде» кездеседі
«Реал Мадрид» – «Райо Вальекано». Онлайн көру. LIVE-трансляция
ФОТО: Getty Images
Ла Лига Испания
12.09.2026, 15.00
Реал Мадрид
-
Райо Вальекано
-

«Реал Мадрид» «Райо Вальеканоны» 12-нен 13 қыркүйекке қараған түні қабылдайды, деп хабарлайды Sports24.kz тілшісі.

Командалар Испания Примерасының 5-турында «Бернабеуде» кездеседі. Матч Қазақстан уақытымен 00:00-де басталады. Қазақстанда «Реал Мадрид» – «Райо Вальекано» матчының тікелей трансляциясын Setanta Sports платформасы мен телеарналарынан көруге болады.

«Кілегейлілер» маусымды қатарынан үш жеңіспен бастады, алайда төртінші турда жеңіліп, «Барселонаға» үш ұпай алшақтықпен алға шығуға мүмкіндік берді. Испания чемпионатындағы алғашқы үш матчта жеңіске жеткен «Реал» күтпеген жерден «Бетиске» 0:1 есебімен жол берді. Демек, Жозе Моуринью шәкірттерінің енді қателесуге құқығы жоқ.

Мадридтің маңындағы ауданды таныстыратын «Районың» төрт турдан кейін еншісінде төрт ұпай бар. Команда турнир кестесінде 14-орында келеді.

Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie