locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Скатов Қазақстанға Дэвис кубогының шешуші матчында жеңіс әкелді

Тимофей тайлық Максимус Джонсты үш сетте 6:4, 4:6, 6:4 есебімен жеңді
ФОТО: КФТ

Тимофей Скатов Қазақстан құрамасына Дэвис кубогының шешуші матчында Таиланд командасын жеңуге көмектесті, деп хабарлайды Sports24.kz.

Командалар Дэвис кубогының Екінші әлемдік тобы аясындағы шешуші матчқа 2:2 есебімен жетті. Осы текетіресте жеңіске жеткен команда Бірінші әлемдік топқа қатысу құқығы үшін плей-оффта ойнауға мүмкіндік алатын еді.

Бұл мүмкіндікті Қазақстан иеленді. Скатов тайлық Максимус Джонсты үш сетте 6:4, 4:6, 6:4 есебімен жеңді. Тимофей алғашқы сетте басым түссе, екінші партияны Таиланд өкілі алды. Шешуші сетте Тимофей мінез көрсетіп, жеңісті жұлып алды.

Бүгінге дейін Қазақстан 2:0 есебімен алда келе жатқан. Алайда Денис Евсеев пен Бейбит Жұқаев жұптық разрядта жеңіліп қалды, ал Александр Шевченко күтпеген жерден Касидит Самрейге есе жіберді (6:1, 2:6, 3:6). Осыдан кейін қарсыласу барысындағы жалпы есеп 2:2-ге теңесті.

Осылайша, Скатов қазақстандық теннисшілерге Дэвис кубогының 2027 жылғы маусымындағы Бірінші әлемдік топтың плей-офф кезеңіне жолдама алып берді.

Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie