Видео. «Интер» қазақша сөйледі: «Қайрат» туралы пост жанкүйерлерді таңғалдырды
Итальяндық клуб алматылықтардың «Сан-Сироға» сапары туралы жазбасымен фанаттарды таң қалдырды
ФОТО: ФК Қайрат
Миландық «Интер» клубының баспасөз қызметі күтпеген жерден қазақстандық «Қайратқа» назар аударып, Instagram-дағы ресми парақшасында қазақстандық клуб ойыншыларының қатысуымен бейнеролик жариялады.
Бейнежазбада «Қайрат» футболшылары аңызға айналған «Сан-Сиро» стадионында бастапқы ысқырықты күтіп тұрған сәті бейнеленген.
Италиялық гранд жарияланымды қазақ тіліндегі жазумен толықтырды:
«Бүгін Чемпиондар лигасы қайта оралды, «Сан-Сироға» соңғы келген команда — «Қайрат».
Айта кетейік, «Қайрат» бұған дейін де «Сан-Сироға» қонақ болған — командалар арасындағы Чемпиондар лигасының бесінші тур ойыны осы жылдың қараша айында өткен болатын.
Арсен Алиев
Редактор