locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Садулаев жарақаттан кейін қалпына келу мерзімін айтты

Шілдеде Абдулрашид Снайдерге қарсы белдесуде аяғынан жарақат алған болатын
Басқа спорт түрлері
Sports24.kz сайтын Google-ға қосу
ФОТО: championat.com

Ресейлік балуан Абдулрашид Садулаев Тбилисидегі RAF Georgia күрес турнирінде америкалық Кайл Снайдерге қарсы белдесу кезінде алған жарақатынан кейін қалпына келу мерзімі туралы айтып берді, деп хабарлайды Sports24.kz.

«Барлығы тамаша, қалпына келу өте жақсы жүріп жатыр, екі-үш аптадан кейін мен кілемге ораламын. Ресей құрамасының еркін күрестен бас бапкері Хаджимурат Гацалов маған 2026 жылғы Әлем чемпионатына іріктелуге мүмкіндік береді деп айтты», – деді Садулаев ФСБР-дің әлеуметтік желідегі видеосында.

Еске сала кетейік, ресейлік балуан шілде айында Снайдерге қарсы белдесуде жарақат алып, нәтижесінде жеңіліп қалды. Белдесуден кейін Абдулрашид дисквалификацияланды.

Садулаев белдесу барысында 4:3 есебімен алда келе жатқан еді, бірақ жарақат алған соң бастама қарсыласына өтті. Қызықты әрі тартысты кездесудің соңында америкалық өзінің басты қарсыласын ұтып кетті. Белдесу Снайдердің 5:4 есебімен жеңісімен аяқталды. Осылайша, америкалық балуан ауыр салмақта RAF белдігін қорғап қалды.

Айта кетейік, Абдулрашид Садулаевқа 30 жас. Ол еркін күрестен алты дүркін әлем және Еуропа чемпионы.

Данияр Қайратов
Данияр Қайратов
Редактор
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie