locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Кәмелет жасына толмағандарға қатысты сексуалды жанжал: «Реал» жұлдызы сот алдында жауап береді

Рауль Асенсио кәмелет жасына толмаған қызбен байланысты интимді видео ісі бойынша айыпталушы атанды
ФОТО: Getty Images

«Реал» қорғаушысы Рауль Асенсио кәмелет жасына толмағанға қатысты интимді видеоға байланысты іс бойынша айыпталушы болып отыр және жағдай оның пайдасына шешілмей тұр, деп хабарлайды Sports24.kz.

Лас-Пальмас-де-Гран-Канариядағы №5 Қылмыстық сотының судьясы футболшының ісін тоқтату туралы қорғау тарапынан түскен өтінішті қанағаттандырмады. Нәтижесінде, «Реал» қорғаушысы мадридтік клубтың тағы үш бұрынғы академия түлегімен бірге қыркүйекте сот алдында жауап береді.

Іс 2023 жылы Гран-Канарияда, екі қыздың, оның ішінде біреуі кәмелет жасына толмаған, келісімінсіз түсірілген интимді видеоға қатысты қозғалған.

Айыптаушы тараптың дерегінше, Рауль Асенсио бұл видеоны өз телефонына алған және оны үшінші адамға көрсеткен деген болжам бар. Футболшыға жеке өмірге қол сұғу бабы бойынша айып тағылуда. Ал қалған үш айыпталушыға бала порнографиясын тарату ісі бойынша айыптар тағылған.

Қорғау тарапы айыпталушының ұялы телефондарының тәркіленуінің заңдылығына күмән келтіріп, осы құрылғылардан алынған ақпаратты дәлелдер қатарынан алып тастауды талап еткен еді. Бірақ судья барлық өтініштерді қанағаттандырмады, сондықтан сот процесі жоспарланған кестеге сәйкес жалғасады.

Асенсио бұған дейін ешқандай құқық бұзушылыққа жол бермегенін, интимді видеоны түсірмегенін және таратпағанын атап өткен. Сот үкімі шыққанша футболшы кінәсіз деп танылады.

Айта кетейік, бұған дейін Жозе Моуринью «Реалдың» жас талантына қатаң шешім қабылдағаны туралы хабарланған еді.

Данияр Қайратов
Данияр Қайратов
Редактор
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie