ВИДЕО: Дастан Сатпаев «Бернлиде» алғашқы жаттығуын өткізді
Қазақстан құрамасының шабуылшысы Дастан Сатпаев ағылшындық «Бернли» клубында алғашқы жаттығуын өткізді, деп хабарлайды Sports24.kz.
18 жастағы футболшы жаңа командаластарымен алғашқы жаттығуға 15 тамыз күні шықты. Клубтың баспасөз қызметі таратқан видеодан Дастанның «бордовые» ойыншыларымен бірге жалпы топта жаттыққаны байқалады.
Айта кету керек, кадрларда «Бернлидің» ең танымал ойыншыларының бірі — «Манчестер Сити» мен Англия құрамасының бұрынғы қорғаушысы Кайл Уокерді де көруге болады.
Еске сала кетейік, 14 тамызда «Бернли» Сатпаевты ресми түрде жаңа ойыншы ретінде таныстырды. 18 жастағы қазақстандық шабуылшы «Челсиден» маусым соңына дейін жалға ауысты.
Дастан үшін бұл жалға алу «Челсиге» толық қосылғаннан кейінгі келесі қадам болмақ. Лондондық клуб «Қайрат» түлегін 2025 жылы трансферлеуге келіскен, бірақ Англияға тек кәмелетке толғаннан кейін ғана көшуге мүмкіндік болды.
Қазақстандық вундеркиндтің «Бернли» сапындағы дебюті ертең-ақ өтуі мүмкін: 15 тамызда «бордовые» Чемпионшиптің 1-турында өз алаңында «Вест Хэмге» қарсы ойнайды.