Шкип Қазақстан құрамасының Ұлттар лигасы матчтарына арналған кеңейтілген құрамын жариялады
Қазақстан құрамасының бас бапкері Джон Шкип УЕФА Ұлттар лигасының алдағы матчтарына қатысатын ұлттық құраманың кеңейтілген тізімін жариялады. Алдын ала құрамға 41 футболшы енді, деп хабарлайды Sports24.kz.
Қазақстандықтар алғашқы кездесуін 26 қыркүйекте сырт алаңда Фарер аралдарына қарсы өткізеді. 29 қыркүйекте құрама Словакиямен қонақта кездеседі. Одан кейін команда елге оралып, 2 қазанда Молдованы қабылдайды. Ал 6 қазанда Қазақстан Фарер аралдарымен екінші рет кездеседі.
Қазақстан құрамасының кеңейтілген тізімі:
Қақпашылар: Темірлан Анарбеков («Қайрат»), Бекхан Шайзада («Ордабасы»), Александр Заруцкий («Ақтөбе»), Мұхаммеджан Сейсен («Астана»), Стас Покатилов («Сабах», Әзербайжан).
Қорғаушылар: Нұралы Әліп («Зенит», Ресей), Әлібек Қасым, Ян Вороговский (екеуі де – «Астана»), Сергей Малый, Сұлтанбек Астанов (екеуі де – «Ордабасы»), Ерланов, Талғат Құсяпов (екеуі де – «Ақтөбе»), Александр Широбоков, Дамир Қасаболат, Александр Мрынский, Еркін Тапалов (барлығы – «Қайрат»), Сағадат Тұрсынбай («Жеңіс»), Владислав Васильев («Оқжетпес»), Наурызбек Жагоров («Тобыл»), Сағи Совет («Қайсар»), Арсен Аширбек («Елімай»).
Жартылай қорғаушылар: Бауыржан Исламхан, Станислав Басманов (екеуі де – «Астана»), Рамазан Оразов, Алмас Тұлбай (екеуі де – «Елімай»), Георгий Жуков («Ақтөбе»), Исламбек Қуат («Жеңіс»), Жасұлан Әмір, Эльхан Астанов, Әбинұр Нұрымбет (барлығы – «Ордабасы»).
Шабуылшылар: Дастан Сәтпаев («Бернли», Англия), Ислам Чесноков («Крылья Советов», Ресей), Исмаил Бекболат, Азамат Тұяқбаев (екеуі де – «Қайрат»), Акмаль Бахтияров («Елімай»), Артур Шушеначев («Ақтөбе»), Рамазан Каримов («Астана»), Оралхан Өміртаев («Оқжетпес»), Максим Самородов, Ғалымжан Кенжебек (екеуі де – «Ахмат», Ресей).

Алдағы кездесулер Шкип үшін Қазақстан құрамасының тізгініндегі алғашқы ресми матчтар болмақ. Нидерландылық маман 2026 жылдың 7 тамызында ұлттық құраманың бас бапкері қызметіне ресми түрде тағайындалды. Оның бапкерлер штабына Нұрбол Жұмасқалиев те кіріп, ассистент қызметіне кірісті.
Қазақстан құрамасына келгенге дейін Шкип Грекия мен Армения ұлттық құрамаларын жаттықтырған. Сондай-ақ Нидерланд құрамасының бапкерлер штабында еңбек еткен. Клубтық деңгейде Нидерланд, Аустралия және Мексика командаларында жұмыс істеді.
Футболшы ретінде Шкип мансабының басым бөлігін «Аякс» сапында өткізіп, кейін Италияның «Дженоа» клубында өнер көрсетті. Нидерланд құрамасымен бірге 1988 жылы Еуропа чемпионы атанды.