locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Ресми: Дастан Сәтпаев «Челсиден» «Бернлиге» ауысты

18 жастағы қазақстандық футболшы бір маусымды Чемпионшипте жалға өткізіп, тұрақты ойын тәжірибесін жинайды
Ресми: Дастан Сәтпаев «Челсиден» «Бернлиге» ауысты
ФОТО: ФК Бернли

«Бернли» Дастан Сәтпаевты команданың жаңа ойыншысы ретінде ресми түрде таныстырды. 18 жастағы қазақстандық шабуылшы «Челсиден» маусым соңына дейін жалға ауысты, деп хабарлайды Sports24.kz.

Осылайша, Сәтпаев Англия футболына бейімделуін Чемпионшипте жалғастырады. Бұл қадам жас шабуылшыға ересектер деңгейінде тұрақты ойын тәжірибесін жинауға мүмкіндік бермек.

Қазақстандық футболшының «Бернлиге» ауысатыны бір күн бұрын белгілі болған еді. Британдық БАҚ Сәтпаевтың медициналық тексерістен өтіп, келісімді аяқтау үшін жаңа клубының орналасқан жеріне келгенін хабарлады.

Кейін бұл ақпаратты танымал футбол инсайдері Фабрицио Романо да растады. Ол тараптардың келісімге келгенін өзінің әйгілі Here we go тіркесімен жариялады. Бір қызығы, Романо Дастанның трансфері туралы жазбасына Kazakhstan композициясын қосты.

Енді барлық қажетті рәсімдер аяқталып, «Бернли» қазақстандық жаңа ойыншысын ресми түрде таныстырды.

Сәтпаев үшін жалға ауысу «Челсиге» толыққанды қосылғаннан кейінгі мансабының келесі кезеңі болмақ. 2025 жылы лондондық клуб «Қайрат» түлегінің трансфері жөнінде келісімге келген еді. Алайда Дастан Англияға кәмелет жасына толғаннан кейін ғана ауыса алды.

18 жасқа толған соң шабуылшы «Челсимен» алты жылдық келісімшартқа қол қойды. Келісімді тағы бір маусымға ұзарту мүмкіндігі де қарастырылған. Осыдан кейін Сәтпаев лондондықтардың негізгі командасына қосылды.

Қазақстандық футболшы «Челсимен» бірге маусым алдындағы дайындықтан өтіп, бірнеше жолдастық кездесуде ойын уақытын алды. Сәтпаев лондондық клуб сапындағы алғашқы голын да соғып үлгерді. Ол «Вестерн Сидней Уондерерске» қарсы кездесудің жетінші минутында мергендігімен көзге түсті.

Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
Редактор
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie