Дастан Сәтпаев аптаның үздік 10 трансферінің қатарына енді
Қазақстандық шабуылшы Дастан Сәтпаев Еуропа чемпионаттарындағы танымал футболшылармен бірге аптаның ең елеулі трансферлері тізіміне енді. «Спорт-Экспресс» 18 жастағы форвардтың «Челсиден» «Бернлиге» ауысуын аптаның үздік он трансферінің қатарына қосты, деп хабарлайды Sports24.kz.
Тізімде «Аякстан» ПСЖ-ға ауысқан Мика Годтс, «Тоттенхэмнен» «Интерге» өткен Джед Спенс, ПСЖ сапын толықтырған Ферран Торрес, «Атлетикоға» қосылған Кристиан Ромеро және мансабын «Фенербахчеде» жалғастыратын Ромелу Лукаку бар.
Сондай-ақ үздік ондыққа «Бешикташтың» жаңа шабуылшысы Душан Влахович, «Ромаға» ауысқан Науэль Молина, «Ноттингем Форест» сапын толықтырған Усман Диоманде және «Барселонадан» «Ливерпульге» барған Рональд Араухо енді.
Басылым Сәтпаевтың трансферіне де ерекше тоқталды. «Челси» қазақстандық талантты «Қайраттан» сатып алу жөнінде 2025 жылдың ақпанында келісімге келген еді. Алайда трансфер шабуылшы 18 жасқа толғаннан кейін ғана ресми күшіне енді. Дастанның лондондық клубпен келісімшарты 2033 жылға дейін есептелген.
Ресми түрде «Челси» ойыншысы атанғанға дейін Сәтпаев негізгі құраммен бірге жаттығып үлгерді. Жазда ол лондондық клубтың Аустралия мен Азиядағы маусым алдындағы турнесіне қатысып, төрт матчта алаңға шықты. Сол кездесулердің бірінде Дастан «Вестерн Сидней Уондерерс» қақпасына гол соқты.
2026/27 жылғы маусымды Сәтпаев «Бернли» сапында жалға өткізіп өткізеді. Чемпионшиптегі ойындар 18 жастағы қазақстандыққа тұрақты тәжірибе жинап, ағылшын футболына тезірек бейімделуге мүмкіндік береді деп күтілуде.
Сәтпаевтың трансферлік құқығы «Челсиге» тиесілі. Лондондық клуб Қазақстанның ең дарынды жас футболшыларының бірі саналатын шабуылшының алдағы дамуына үлкен үміт артып отыр.
