locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Видео: Арбелоа алаңнан қуылғаннан кейін «Фулхэм» ойыншылары пенальти сериясынан бас тартты

Лондондықтар екі рет есепте алға шыққанымен, кездесудің соңғы минуттарында жеңісті уысынан шығарып алды
Видео: Арбелоа алаңнан қуылғаннан кейін «Фулхэм» ойыншылары пенальти сериясынан бас тартты
ФОТО: Getty images
Клубтар арасындағы жолдастық кездесу
12.08.2026, Аяқт.
Малага
2
Фулхэм
2

«Фулхэм» мен «Малага» Коста-дель-Соль кубогы үшін өткен жолдастық кездесуде жеңімпазды анықтай алмады. «Ла Росаледа» стадионындағы матч 2:2 есебімен аяқталды, деп хабарлайды Sports24.kz.

Қонақтар 24-минутта Райан Сессеньонның дәл соққысынан кейін есеп ашты. Алайда ағылшын командасының басымдығы ұзаққа созылмады. Төрт минуттан кейін Чупе таразы басын теңестірді - 1:1.

Үзілістен кейін «Фулхэм» қайтадан алға шықты. 57-минутта Алекс Ивоби лондондықтардың екінші голын соқты. Қонақтар жеңіске жақын тұрғанымен, «Малага» қосымша уақытта таразы басын теңестіріп үлгерді. Энека Хаурехи пенальтиді сәтті орындап, есепті 2:2-ге жеткізді.

Алайда матчтағы тартыс финалдық ысқырықпен аяқталған жоқ. «Фулхэмнің» бас бапкері Альваро Арбелоа төрешімен сөзге келіп, қызыл қағаз алды. Ереже бойынша тең есептен кейін Коста-дель-Соль кубогының иегерін анықтау үшін пенальти сериясы өтуі керек еді. Бірақ ағылшын клубының футболшылары алаңнан кетіп қалды.

Осыдан кейін Хаурехи он бір метрлік нүктеге келіп, допты бос қақпаға бағыттады. Артынша «Малага» ойыншылары жанкүйерлерімен бірге жеңісті тойлауға кірісті.

Айта кетейік, Арбелоа «Фулхэмді» мадридтік «Реалдан» кеткеннен кейін тізгіндеді. Испаниялық маман Корольдік клубты 2026 жылдың қаңтарынан бастап жаттықтырған. 9 маусымда мадридтік клуб оның қызметінен кеткенін ресми түрде жариялады.

Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
Редактор
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie