«Тобыл» - «Партизан». Онлайн көру
Қостанайлық «Тобыл» 13 тамызда Конференциялар лигасының үшінші іріктеу кезеңінде сербиялық «Партизанға» қарсы қарымта матч өткізеді, деп хабарлайды Sports24.kz.
Командалардың Белградта өткен алғашқы кездесуі «Партизанның» 3:0 есебіндегі ірі жеңісімен аяқталды.
«Тобыл» биылғы еурокубок жолын литвалық «Паневежиспен» кездесуден бастады. Екі матчтың қорытындысында жеңімпаз анықталмай, келесі кезеңге жолдама пенальти сериясында сарапқа салынды. Шешуші сәтте қостанайлықтар 3:2 есебімен басым түсті.
- Матчтың барлық жарқын сәттері live режимінде Telegram-дағы Sports24.kz арнасында қолжетімді.
Ал «Партизан» алдыңғы кезеңде Люксембургтің «УНА Штрассен» клубына еш мүмкіндік қалдырмай, қарсыласын 5:0 есебімен ойсырата жеңді.
Қарымта кездесу Қостанайдағы Орталық стадионда өтеді. Матч Астана уақытымен 20:00-де басталады. Тікелей трансляцияны Qazsport телеарнасы көрсетеді.
«Тобыл» – «Партизан» жұбының жеңімпазы Конференциялар лигасының плей-офф кезеңінде жарысты жалғастырып, испаниялық «Хетафемен» кездеседі.
