locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Рыбакинаның Торонто турнирінің финалына шыққаны үшін қанша табыс тапқаны белгілі болды

Қазақстандық теннисші 263 миллион теңгеден астам жүлде қаржысын иеленуге кепілдік алды
Рыбакинаның Торонто турнирінің финалына шыққаны үшін қанша табыс тапқаны белгілі болды
ФОТО: Getty images

Әлемнің екінші ракеткасы Елена Рыбакина Торонто қаласында өтіп жатқан WTA 1000 санатындағы турнирдің финалына шығуының арқасында қомақты жүлде қаржысын иеленді, деп хабарлайды Sports24.kz.

Қазақстандық теннисші шешуші матчқа жолдаманы америкалық Кори Гауффқа қарсы өткен тартысты кездесуде жеңіп алды. Рыбакина алғашқы сетте 5:7 есебімен жол бергенімен, кейін ойын барысын өзгертіп, келесі екі партияда 6:2, 6:2 есебімен басым түсті.

Финалға шығудың өзі Еленаға 564 920 доллар көлемінде жүлде қаржысын әкелді. Қазақстан валютасына шаққанда бұл шамамен 263,2 миллион теңгені құрайды.

Қаржылай сыйақымен қатар Рыбакина 650 рейтингтік ұпайға ие болады. Ал финалда жеңіске жеткен жағдайда қазақстандық теннисшінің жүлде қаржысы мен рейтингтік ұпайы тағы артады.

ФОТО: Getty images

Турнирдің бас жүлдесі үшін Рыбакина Польшаның өкілі Ига Швентекпен кездеседі. Швентек жартылай финалда украиналық Элина Свитолинаны үш сетте 6:3, 1:6, 6:3 есебімен жеңді.

Торонтодағы турнир 2-13 тамыз аралығында өтеді. Жарыстың жалпы жүлде қоры 7 433 076 долларды құрайды. Өткен маусымда бұл турнирде канадалық Виктория Мбоко чемпион атанған.

Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
Редактор
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie