Қазақстан құрамасының Армениямен матчқа арналған бастапқы құрамы белгілі болды
6 маусым, сенбі күні Қазақстан құрамасы Ереванда Арменияға қарсы жолдастық матч өткізеді, деп хабарлайды Sport24.kz.
Бақылау ойыны Армения астанасындағы Вазген Саркисян атындағы Республикалық стадионда өтеді. Басталу ысқырығы сағат 19:00-де шалынады. Спаррингтің тікелей трансляциясын «Qazsport» телеарнасынан тамашалай аласыз.
Ұлттық құрамалардың бастапқы құрамдары белгілі болды
Қазақстан: Заруцкий (қақпашы) – Вороговский, Әліп (капитан), Қасым, Арсен Аширбек – Қуат, Оразов, Әмір – Кенжебек, Самородов, Сатпаев;
Қордағы ойыншылар: Шайзада (қақпашы), Анарбеков (қақпашы), Малы, Сатанов, Тапалов, Совет, Әбраев, Мрынский, Садыбеков, Қараман, Нұрымбет, Тоқтыбай, Чесноков, Муртазаев.
Арменияның бастапқы құрамы: Чанчаревич, Оганесян, Пилоян, Буэнно, Арутюнян, Тикнизян, Серобян, Сперцян, Оганесян, Миранян және Ранос.
